Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;(Мәліметтер нысаны)
  2. Өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;(Мәліметтер нысаны)
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;(Мәліметтер нысаны)
  4. Қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы
  5. Ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
  6. Құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт.
  7. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
  8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер(Мәліметтер нысаны)