Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуы (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Құжаттың электрондық көшірмесі нысанында мәлімделетін спорт түрінің, Қазақстан Республикасында және әлемде спорт саласының дамуы туралы ақпарат, оның қысқаша сипаттамасы, пайда болу уақыты мен орны, халықаралық спорт федерацияларының болуы, өткізілген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушыларды қамту, адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдірудегі және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі; (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Құжаттың электрондық көшірмесі нысанында спорттық мүкәммалды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтарды (болған жағдайда) қолданудың қысқаша сипаттамасын қамтитын өтінім берілген спорт түрін, спорт саласын оқыту бағдарламасы мен әдістемесі; (міндетті түрде)
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияларының ресми сайтына сілтеме көрсетілген жарыс процесін, спортшылардың қатысуын көрсететін спорттық жарыс барысының бейне (фото) материалдары; (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтінім берілген спорт түрінің спорт түрі, спорт саласы бойынша қағидалары немесе тиісті халықаралық спорт федерациясының өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының спорт түрі бойынша қағидаларының көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)