Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 ж. № 47 қаулысымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесі мен шарттары, сондай - ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын қағидалар-бұдан әрі Қағидалар) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешім қабылдауды куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 26-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін санда акцияларды сатып алуға ниет білдірген тұлға үшін) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті емес, біліктілік талапта)
  5. "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 34 бабының талаптарымен сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылған тұлғалардың құжаттары (міндетті емес, біліктілік талапта)
  6. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті емес, біліктілік талапта)
  7. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті емес, біліктілік талапта)
  8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруге алым төлеуді растайтын құжаттың электрондық көшірмелері ("электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  9. Соңғы аяқталған екі қаржы жылындағы аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігін, құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті қоса алғанда, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері (осындай құрылтайшылар болған кезде), соңғы аяқталған екі қаржы жылындағы қаржылық есептілік осы есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда ұсынылмайды (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  10. Өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің елінің сақтандыруды қадағалау органының өтініш берушіге Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат берілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі не осындай рұқсаттың қажет емес екені туралы өтініш (Қазақстан Республикасының бейрезидент-құрылтайшылары үшін) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  11. Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әзірленген бизнес жоспардың электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  12. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)

Жеке тұлғалар үшін
  1. Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 ж. № 47 қаулысымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесі мен шарттары, сондай - ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын қағидалар-бұдан әрі Қағидалар) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешім қабылдауды куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 26-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін санда акцияларды сатып алуға ниет білдірген тұлға үшін) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті емес, біліктілік талапта)
  5. "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 34 бабының талаптарымен сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылған тұлғалардың құжаттары (міндетті емес, біліктілік талапта)
  6. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті емес, біліктілік талапта)
  7. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті емес, біліктілік талапта)
  8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруге алым төлеуді растайтын құжаттың электрондық көшірмелері ("электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын ақша көздері мен сомаларының сипаттамасын қоса алғанда, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құрылтайшы жеке тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері (осындай құрылтайшылар болған кезде). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 6-тармағы 1) тармқашасының екінші бөлігінде көрсетілген қаражат болып табылады (міндетті түрде)