Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін


Жеке тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжаттың электронды көшірмесі (діни бірлестік басшысының қолы және мөрімен бекітіліп, берілген күні көрсетіледі) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының электронды көшiрмесi (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттардың электронды көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесін (болған жағдайда) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаттың электронды көшірмесі. Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Паспорттың электронды көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін) (міндетті түрде, біліктілік талапта)