Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Жарғының электрондық көшірмесі және бар болса шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының тізілімі, не бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары берген одан үзінді-көшірме (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбардтың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Басшы қызметкерлерді, ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерін (бар болса) жалдауды және (немесе) тағайындауды (сайлауды) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Микрокредиттер беру қағидаларының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің электрондық көшірмелері (олар бар болса) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Басшы қызметкерде жоғары білімінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы электрондық өтініш (міндетті емес, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  9. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады: көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына есепке жатқызылғанын растайтын және лицензия алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  10. Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды: басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін); көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  11. Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды: жеке тұлға – ірі қатысушының (ірі акционердің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін); жеке тұлға - ірі қатысушының (ірі акционердің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамда) және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысында азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) жеке тұлға - ірі қатысушының (ірі акционердің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адам) және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін (артықшылықты акцияларын есепке алмағанда) акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы (акционер) туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  12. Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды: Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы туралы мәліметтерді; заңды тұлға - ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (болған кезде байқау кеңесінің) бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін); заңды тұлға – ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысында азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) заңды тұлға - ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін (артықшылықты) акцияларының он немесе одан да көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (акционер) туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  13. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)