Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған электрондық өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
  2. Электрондық жарғы көшірмесі
  3. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын құжаттың электрондық көшірмесі (қарыз шарты, мүлікті сатып алу-сату шарты, кірістер туралы анықтама, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын басқа да құжаттар).
  4. Екінші деңгейдегі банктің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының шетел валютасындағы банк шоты болуы туралы анықтамасының электрондық көшірмесін
  5. Екінші деңгейдегі банктің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталына жарна ретіндегі ақшаның есепке жазылуын растайтын, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген құжатының электрондық көшірмесін (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме)
  6. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын құжаттың (қарыз шартының, мүлікті сатып алу-сату шартының, кірістер туралы анықтаманың, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын басқа құжаттардың) электрондық көшірмесін жібереді
  7. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер(Мәліметтер нысаны)