Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Көрсетілетін кызметті алушының электрондық түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды: 1) көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы; 2) жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстарын түрлері; 3) ұшу жұмысын ұйымдастыру; 4) ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі; 5) ұшуларды қамтамасыз ету; 6) ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы; 7) техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы; 8) әуе кемелерінің даярлығы; 9) авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары; 10) түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі; 11) авиациялық персонал; 12) ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету; 13) жұмыс түрлері көрсете отырып, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттардың тізбесі; (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  3. Ұйымдастыру құрылымы, басқару құрылымы және лауазымдары, Т.А.Ә., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар тізімі. (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  4. Мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар: -ұшу қызметі; -ұшу қауіпсіздігі бойынша қызметі; -ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша қызметі; -сапаны бақылау бойынша; -авиациялық қауіпсіздік бойынша; -персоналды даярлау бойынша; -жер үсті қамтамасыз ету бойынша; -бортсеріктер қызметі (бар болса). (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  5. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасының көшірмелері. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша шарттардың көшірмелері. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Пайдаланушының бірінші басшысының қолы қойылған, қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушының нұқсаулығы ережелеріне сәйкестігі туралы декларацияның көшірмесі және осы сәйкестікті тұрақты қолдау міндеттілігі. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  9. Бекіту мен келісудің титул парақтарының көшірмелері: ұшуды жүргізу бойынша нұсқау; сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау; техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы; әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент); пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы; (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  10. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)