Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру туралы өтінішхат (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының таратылу себептерін міндетті түрде көрсете отырып өз еркiмен таратылуы туралы шешімінің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16256 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысымен белгіленген нысандар бойынша «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу туралы электрондық құжат нысанындағы есептер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелiн берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру туралы шарттың электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)