Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 бұйрығына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру нормалары көрсетілген мәліметтерді қамтитын электрондық құжат (міндетті түрде)
  2. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына сәйкес тәулік бойы кезекшілік өткеруді, бос ауысымның демалысын, байланыс (телефон, факсимильдік, радиобайланыс), жеке құрамды құлақтандыру жүйесін қамтамасыз ететін үй-жайлар мен жабдықтардың, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметінің орналасу схемасына сәйкес мүлікке және материалдық құралдардың белгіленген қорларына арналған үй-жайлардың (авариялық-құтқару құралдары, жабдықтар мен керек-жарақтар, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету құралдары, нысанды киім-кешек) бар екендігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат (міндетті түрде)