Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Функциялары мен қызметі сипатталған не ұйым мүшелігіне қабылдау және одан шығу шарттары мен тәртібі сипатталған жарғының электрондық көшірмесі (мүшелік болған жағдайда) (міндетті емес)
  2. Үй-жайға меншік құқығын, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ақы үшін немесе өтеусіз) (міндетті түрде)
  3. 5 (бес) жылға арналған стратегиялық жоспардың электрондық көшірмесі. Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі операциялық жоспар (міндетті түрде)
  4. Бекітілген этикалық нормалардың электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  5. Құпия ақпаратпен жұмыс істеу мәселелері жөніндегі құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  6. Осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым мамандары туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  7. Соңғы бес жыл ішінде алынған кемінде 108 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  8. Веб-торап сілтемесі (веб-торап беттерінің скриншоты) (міндетті түрде)
  9. Денсаулық сақтау саласындағы басылымдарда сарапшылардың жарияланымын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  10. Оқытуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде)
  11. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде)
  12. Қосымша деректер (міндетті емес)
  13. Дипломның электрондық көшірмесі (жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі) (міндетті түрде)
  14. Маман мен ұйым арасындағы өзара қарым-қатынасты растайтын құжат (мүшелік, азаматтық шарт, еңбек шарты және басқалар) (міндетті түрде)