Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін


Жеке тұлғалар үшін
  1. Оқуды бітірген үміткерлер үшін орта (техникалық және кәсіптік), жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда) (міндетті түрде)
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626) (бұдан әрі – тану қағидалары) (міндетті емес)
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мәлімденден мамандық бойынша сертификаттау сәтінде жалпы көлемде кемінде 4 кредит (120 сағат) сертификаттау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік біліктілігін арттыру туралы куәлігі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – қосымша білім беру қағидалары) (сертификат алуға өтініш берген сәтте 5 (бес) жылдан кешіктірмей фармацевтикалық оқуын аяқтаған орта (техникалық және кәсіптік), жоғары оқу білім беру түлектерін қоспағанда) (болған жағдайда) (міндетті емес)
  4. Мәлімденген мамандық бойынша қосымша білім беру қағидаларына сәйкес (мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар) жалпы көлемі кемінде 8 кредит (240 сағат) біліктілігін арттыру туралы куәлік (міндетті емес)
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21673 болып тіркелген) бекітілген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі (орта (техникалық және кәсіптік), жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім беру түлектері және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар үміткерлер үшін) (болған жағдайда) (міндетті емес)
  6. "Электрондық үкімет" шлюзінің ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген кіші қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат ұсынады (болған жағдайда) (міндетті емес)
  7. Шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (міндетті емес)